«Елордалық дәрігерлер жігітке ота жасайды. Өзге ақпараттар отадан кейін болады», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Ақтауда 39 жастағы жігіттің үстіне диван құлап, оның ауруханаға ауыр халде жеткізілгенін жазған едік. Дәрігерлердің айтуынша, сырқаттың денесі түгел сал болып қалған, қозғала алмайды. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтібаева мәлім еткендей, мойын омыртқасы сынған, жұлыны ауыр жарақаттанған.
Оқиға 12 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында 11 шағын ауданның 41-үйінде болған.