АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.
«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.
Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.
«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.
Айта кетсек, бұған дейін Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында теңізшілер кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатқаны хабарланған болатын. Әскери қызметшілер қару-жарақтың жай-күйін тексеріп және анықталған ақауларды
жояды.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.