16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.
«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, – делінген полиция хабарламасында.
15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланған болатын.
Ақтауда террористік акт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.