Ақтау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері рейд жүргізді. Нәтижесінде, алдымен 7-шағын ауданда заңсыз букмекерлік орталығы анықталды. Дүкен ішінен 22 компьютер және 2 кассалық аппарат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, 5-шағын ауданда орналасқан шағын маркеттің бірінің жер төлесінде заңсыз жұмыс істеген букмекер кеңсе орталығы анықталды. Заңсыз бәс тігетін жерден 21 компьютер, 2 кассалық аппарат, 4 теледидар және 2 ойын терминалы тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.