— Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 600 орындық 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішіндегі 4 мектептің құрылысын қыркүйекке дейін аяқтауымыз керек. Қаладағы үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында 17, 19, 33 шағын аудан және «Рауан» тұрғын үй массивіндегі мектеп құрылысын жеделдетуіміз қажет. Сондықтан аталған шағын аудандардағы мектеп құрылысы тәулік бойы жүргізілуде. Басқа тұрғындар тарапынан түн тыныштығының бұзылуына байланысты арыздар келіп түсуде. Бұл құрылыс жұмыстарына кедергі келтіреді. Сондықтан тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, мектеп құрылысының жеделдетілуін қолдауды сұраймын, — деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тнәлиев.
Тұрғындар мектеп құрылысының тезірек аяқталғанын қолдайтындарын айтты.
— Бізге мектеп құрылысының тезірек аяқталғаны керек. Себебі балаларымыз үйдің қасындағы мектепте оқығанын қалаймыз. Құрылыс жұмыстары күні-түні жұмыс істесе бізге жақсы. Біз мұны қолдаймыз, — деді 17 және 19-шағын аудан тұрғындары.