Кәсіпорынның мәліметінше, бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.
— Бұл жұмыс қала әкімінің өкіміне сәйкес жүргізіледі. Екінші кезеңде тұрғын үйлер бекітілген кесте бойынша жылу жүйесіне қосылады. Жылу беру жүйесін іске қосу кезінде ыстық судың жекелеген көрсеткіштері бойынша сапасының уақытша төмендеуі ықтимал, — делінген хабарламада.
Осыған байланысты «МАЭК» ЖШС жылу желілерінің кері құбыржолдарына суды тазартуға арналған магниттік сүзгілер орнатқан.
Кәсіпорын өкілдері жылу беру жүйесін іске қосу кезеңінде ыстық су сапасының уақытша өзгеруіне түсіністікпен қарауды сұрады. Олардың мәліметінше, су сүзгілерден өткен сайын оның сапасы жақсарады.
Бұған дейін хабарланғандай, Ақтауда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жазғанбыз.