Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні болған.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Infiniti» машинасының жүргізушісі «Toyota Prado» және «Ваз-2112» автокөліктерімен соқтығысқан.
«Салдарынан барлық үш көлік жанып кетті. Зардап шеккендер Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылғанын жазған болатынбыз.
Ол кезде ауыр техника тиеген арнайы жүк тасымалдаушы көлік жоғары қысымды газ құбырын соғып, 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен болатын.