АҚТАУ. KAZINFORM – Оқиға 5 пен 6-шағын аудандар арасындағы жолда болған. Жүргізушілер көліктерін жолдың қақ ортасына қойып, өздері лезгин биін билеген.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерді бақылау кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Bentley», «Mercedes Benz» және «Porshe» автокөліктерінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған. Элиталық автокөлік жүргізушілері жолда билеп, кептеліс туғызғаны үшін, көліктері айып тұрағына қамалып, өздеріне айыппұл салынды.
Бұған дейін, Алматы облысында жол ережесін бұзған 167 мыңнан астам адам анықталғаны туралы жазған болатынбыз.
Ақтауда Орталық Азия елдері мен Ресей ұшақтары жөнделетінін жазған болатынбыз.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.