Оқиға «Серебрянные пески» демалыс орны маңындағы жол бойында болған.
«31 шілдеде сағат 03:30 шамасында демалушылар мен осы демалыс орнының күзетшісі сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Полиция қызметкерлері 42 және 34 жастағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.
Жанжалдасқандардың бірі артына пышақ жасырып, екі қарсыласына қарай жүгіргені әлеуметтік желіде тараған видеода анық көрінген. Сондай-ақ оларды ажыратуға талпынған әйел де анықталды.
Айта кетейік, күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу туралы қолхат» бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.