АСТАНА. KAZINFORM — Ақтаудағы № 3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық диагнозы бар балалар арасында оқыс жағдай орын алды. Оқиғаға байланысты қызметтік және сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Баланың анасының айтуынша, ұлы аталған орталыққа шамамен бір ай бойы барған. Кешке ата-анасы баласын үйіне алып кеткен кезде оның арқасынан дене жарақаттарын байқаған.
Осыдан бұрын Маңғыстауда ерекше балалар емге кезегін жылдап күтіп жүргенін жазған болатынбыз.
Айнұр Тумакбаева
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі. 2024 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.