Облыстық ІІД баспасөз қызметінің xабарлауынша, банк күзетінің қызметкері сол уақытта ауаға оқ атып, қару қолдануға ниеті бар екенін білдірген. Сондай-ақ, ол қосымша көмек шақыру үшін белгісіз шабуылшыны зақымдаған.
Күдікті оқиға орнынан қашып кетуге әрекеттенген. Бірақ сол арада оны ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері ұстады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 192 бап, 2-бөлім бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.