Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тазалық жұмыстарына отызға жуық белсенді атсалысқан. Олардың қатарында Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының өкілдері және «Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық» колледжінің студенттері бар.
"Шара барысында «Айрақты» тауының маңы қоқыстан тазартылды. Негізгі мақсат - жастарды қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалыққа баулу. Барша қазақстандықтарды және өңір тұрғындарын экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамын", - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ғылыми басшысы Саламат Қалбаев.
Осыған дейін Маңғыстау жастары «Ыбықты-Сай» шатқалына сенбілік жасаған болатын.
Сондай-ақ, «Қошқар ата» қорымы аумағында сенбілік өтті.