Оқиға өткен сенбіде орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қатты ағыс болып, бірнеше демалушы суға бата бастаған. Олардың бірі актер Хью Джекманның 15 жастағы ұлы болды.
Актер көп ойланбай ұлын құтқаруға ұмтылды. Кейін өзге жүзушілерге жағалауға шығуына көмектесті. Бұл кезде құтқарушылар да келіп қалды. Кейін олар Instagram парақшасында актердің ерлігіне алғыс айтты.