АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әкімдік ғимаратына көлігімен кіріп кеткен ақтөбелік Бауыржан Анапин 10 күнге қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Бауыржан Анапин Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыпталып, он тәулікке қамауға алынды»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының тұрғыны Бауыржан Анапин 12 мамыр күні әкімдік ғимаратына көлігімен кіріп кеткен болатын. Ол ажырасып, отбасылық қиындықтарға тап болған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.