Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмды

Фото: Александр Павский / Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Оқиға кеше түнде болды. DV 712 рейсі Алматыға бағыт алғанымен, Ақтөбе әуежайына қайта оралды. 

SCAT әуе компаниясының DV 712 рейсі кеше кешкілік Ақтөбе-Алматы бағытында жолға шықты. Алайда көп ұзамай жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінді. Сол кезде әуе командирі Ақтөбе әуежайына қайта оралуға шешім қабылдайды. Ұшақ сағат 22:50-де Ақтөбе әуежайына қайта қонды.

– Ұшақ әуежайға қорған соң шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Рейстің барлық жолаушысы ұшақ бортында болды. Авиацияның қауіпсіздік талабы осы. 9-желтоқсан күні сағат 01:36-да әуе рейсі Алматыға бағыт алды, - деп хабарлады Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жолаушы жедел жәрдем бригадасы жеткенше көз жұмған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқиға Астана-Алматы бағытындағы КС 622 әуе рейсінде болған.