Ақтөбе археологтары ғұн-сармат дәуірінің ескерткіштерін зерттеуге кірісті

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік археологтар алтын адам іздеу жұмыстарын жалғастырады. Қазіргі уақытта ғұн-сармат дәуірінің ескерткіштерін зерттеуге басымдық берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы ашылғанмузейде бірнеше зал қолданысқа берілді. Олар: «Археология», «Этнография»,«1869-1940 жылдардағы өлке тарихы», «Ерлік пен даңқ», «1945-1991 жылдардағыАқтөбе өлкесінің тарихы» және «Тәуелсіздік жолымен» залдары. Түгел жасақталғанзалдардың ең құндысы – алтын зал. Мұнда алтыннан жасалған ыдыс-аяқ, атәбзелдері мен әшекейлер сақталған.

«Бізде археологияныңдамуы өткен ғасырдың 70-ші жылдары басталды. Археолог Мир Қабырбаев, өлкетанушыВ.Радионов көп мұра қалдырды. Мәселен, қола дәуірінің алтын сырғасы, түрлітұрмыстық бұйымдары музейге қойылды. Сүйектен жасалған жылқының сулығы да тұр.Сүйекке ою-өрнек қашалған. Бұл жылқының алғашқы қолға үйретуін айғақтайды.Жирекқопа ауылындағы Төртоба қорымынан сармат дәуіріне тән ескерткіштен алтынбұйымдар табылды. 2010-2012 жылдары Германия археологиялық институтымен біргежұмыс ғылыми-зерттеу жүрген болатын. Сонымен қатар өткен жылы табылған ғұндәуірінің ат әзбелдері бар. Өкінішке қарай тұтастай қалпына келтіру мүмкінболмай тұр», - деді музейдің ғылыми хатшысы Мейрам Дүйсенов.

Оның айтуынша, ғұндәуірінің ескерткіштері жер бетінде көрінбейді, сондықтан анықтау қиынғасоққан. Ал өткен жылы кездейсоқ табылған ат әбзелдерін қайта құрастыру қиынғасоғады. Құрылысқа қажетті құм тасыған жұмысшылар оның негізгі қалпын бұзыптастаған.

Негізі Қазақстанның батысөңірінде бұған дейін ғұн дәуірі зерттелмеді. Тарихтың олқы тұсын толтырумақсатында археологтар Ойыл ауданын назарға алды. Анықтау жұмыстарынан соңқазба жұмыстарына басымдық берілді. Археологтар «батыс өңірінде ғұн дәуірітуралы бірде-бір жәдігер жоқ» деген уәжге қарсы нақты деректер келтіруге әзір.

«Қазір Ойылды таңдапотырмыз. Су, шөпті жағалап, сол ауданды зерттеуге алдық. Қобда, Байғанинаудандарын да зерттеу керек. Оңтүстігіміздегі ескерткіштер сақталса,солтүстігіміздегі тоналып кеткен. Шалқарда Талдық өзенінің бойы да бар.Доңызтау, Үстіртке де баруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, Доңызтауда экспедицияұйымдастыру оңай емес. Солтүстік үстірт, Доңызтауды этнографиялық зерттеуге 16миллион теңге қарастырылған. Ал археологиялық зерттеуге 50 миллион теңге қажет.Патшалық обаға басымдық беріледі. Барлық өңір алтын адамды тауып болды,Ақтөбеде табылмады. Соған күш салуымыз керек», - деді музейдің ғылыми хатшысыМейрам Дүйсенов. Ойыл ауданында космотүсірілім жасалып, ғұн-сармат дәуірінің130 нысаны анықталды. Әрқайсысында 40-50 ескерткіш бар. Алдағы бір айдазерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізеді.




Соңғы жаңалықтар