Автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің бірінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Ал үш жолаушы орташа дәрежедегі жарақат алды. Қазір олар Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасында ем-дом алуда. Апат салдары анықталып жатыр.
Еске салсақ, бір апта бұрын осы күре жолда 18-ші шақырымда алты адамның өмірін қиған ауыр жол апаты орын алған болатын.