АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе – Атырау тасжолында жол-көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Ақтөбе-Атырау автожолының 15-шақырымында екі көлік соқтығысты. «Lada Largus» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Бестамақ ауылына қарай келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Онда «ГАЗ – 5312» автокөлігімен соқтығысты.
«Жол-көлік апаты салдарынан «Lada Largus» автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған алты адам Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.