«Ақтөбе әуежайы бұзақылық әрекетінен босатылды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктен мәлім болды. Қала әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір жұмыс штаттық режимде жүріп тұр. Әуе рейстері кестеге сай ұшып жатыр», - деп хабарлады телеарнадан.
Сондай-ақ, аталған қаладан ұшатын «Air Astana» әуе компаниясының рейстерінің 7 қаңтарға дейін тоқтатылғаны айтылды.
«7 қаңтар сағат 14:00-ге дейінгі барлық әуе рейстері интернеттің жоқтығына байланысты тоқтатылды», - деп мәлім етілді.
Бұған дейін еліміздің 3 қаласында әуежайы жұмысының уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік.