АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде әуе қатынасы қайта жанданды. Ішкі және халықаралық рейстер орындалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнда күзет күшейтілген.
Қалалық полиция бөлімі тұрғындар мен қонақтардан тәртіпті сақтауды, төтенше жағдай ережесіне бағынуды сұрады.
«Ресейдің Қазан қаласы мен Түркияның Ыстанбұл қаласына рейс бар. Барлық бағыттағы ішкі рейстер де орындалып жатыр. Тек Air Astana мен Fly Arystan әуе компанияларына тиесілі рейстер уақытша тоқтап тұр.
Екі компания бұл мәселені жуық арада шешеді деп сенемін», - деді әуежайдың басқарма басшысы Дастан Мәлиев.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.