Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарындағы 7 лаңкестік топтың жолы кесілді

АСТАНА.  19 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарындағы 7 лаңкестік топтың жолы кесілді.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«Экстремистік сипаттағы қылмыстар бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 7 террористік топтың жолы кесілді. Сондай-ақ экстремистік сипаттағы топтың 18 мүшесі құрықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жұмысты жалғастырып жатырмыз»,-деді министр Қ. Қасымов.