АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде телефон сатып, сатып алғандарды жергілікті полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазір белгіленбеген жерде сауда жасағандар мен тұрақты тіркеуге алынбағандар жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенбі күні Ақтөбедегі «Астана» базарында телефон сатып, сатып алатындар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, арнайы жасақ кенеттен келіп, бəрін көлікке мінгізді. Бетперде киген арнайы жасақ қауіпсіздікті бақылады .
«Ұрланған телефондарды анықтау үшін тексеру жүргізілді. Белгіленбеген жерде сауда жасау дерегі бойынша 12 əкімшілік хаттама толтырылды. Əкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сай тұрақты тіркеуде жоқ 20 адам жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді жəне кəсіпкер-салық төлеуші ретінде есепке тұруға кеңес берілді»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.