«Ақтөбе» ФК бас бапкері тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» ФК бас бапкерлігіне Владимир Мухановтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлады KazFootball.kz.

Осы жылғы 19 мамырдан бастап Владимир Муханов ресми түрде лауазымына кіріседі.

Атап өтсек, Владимир Муханов 2006-2012 жылдардағы маусымдарда «Ақтөбені» жаттықтырды. Осы кезеңде клуб үш мәрте ел чемпионы болды. Одан кейін  Ресейде «Факель» және «Химкимен» жұмыс істеген. 2014 жылдан бастап көкшетаулық «Оқжетпесті» жаттықтырды.