Тексеріс барысында «Ақтөбе» футбол клубының басшылары ойыншылардың тамағы мен әуе тасымалына бөлінген 250 млн теңгеге қаржысын мақсатты жұмсамай, жеп қойғаны анықталды.
Ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты клуб қызметкерлері жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
— Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, — делінген хабарламада.
Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.
Істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жемқорлық әрекеттерді жариялайтын портал іске қосылған болатын.