НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі қазақстандық футболшы әрі маман Андрей Карпович «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа бас бапкер командаға таныстырылды.
«Жуырда 41 жастағы А.Карпович келісім жүргізу үшін Ақтөбеге ұшып келген болатын. Дегенмен 2 мамыр күні «Ақжайықпен» өтетін матчқа команданы бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Петр Бадло дайындауда. Қазақстан біріншілігі 8-турының қорыындысы бойынша А.Карпович өз еркімен «Қызылжар» командасының бас бапкері қызметінен кеткен болатын», деп хабарлады клубтан.
Турнир кестесінде ақтөбеліктер 11 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатында «Астана» «Тұранмен» тең ойнағанын, «Атыраудың» «Ордабасыны» ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).