«Ақтөбе» хоккей клубына жаңа бас бапкер келді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Михаил Шанцевой «Ақтөбе» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін М.Шанцевой отставкаға кеткен Алексей Коршковтың көмекшісі қызметін атқарған.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, команданың бапкерлік штабындағы Александр Поляков пен Леонид Панков өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Бүгінде «Ақтөбе» командасы Қазақстан біріншілігінің турнир кестесінде 12-ші орында келеді.