Ақтөбе инвесторлар үшін бар жағдайды жасайды - Оңдасын Оразалин

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында жергілікті жәнешетелдік инвесторлардың ұсыныстары мен сұрақтары талқыланды.

Облыс әкіміОңдасын Оразалин өз сөзінде «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалықкеңсесінің бизнес-ортадағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша оңжұмысын атап өтті.
«Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметте кеңейтілгенотырыс өтті. Мемлекет басшысы экономика секторына инвестицияны тарту жұмыстарыжергілікті биліктің ерекше басымдығы болып табылатынын атап өтті. Осығанбайланысты біз »Ақтөбе - адалдық алаңы« жобалық офисінің алаңындакүш-жігерімізді біріктіріп, инвесторлардың жұмысына қолайлы жағдай жасауымызқажет», - деді өңір басшысы.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірге 210 млрд теңге инвестиция құйылды. Биыл өңір экономикасына 620 млрд теңге тарту көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы деңгейден 10% - ғаартық.
Жоба жетекшісі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысыбойынша департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетовтың айтуынша, инвесторларғасыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімі Қазақстан аумағында сыбайласжемқорлық көріністерінен 100% қорғауға кепілдік береді. Ал инвестор өзкезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті сақтауы қажет.


Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы бір жылбұрын басталған болатын. Бүгінге дейін 24 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімгеқол қойылды. Барлығы 4 трлн 163 млрд теңге қорғалып, 52 мәселе шешілді.

Кездесуге онлайн-конференция арқылықатысқан италиялық «Eni» трансұлттық компаниясының директоры АлексСтиллавато мемлекеттік сараптама қорытындысын алу процесін жеделдету түріндекөрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. Іс-шара соңында облыс әкімі тиістімемлекеттік органдарға, «Ақтөбе »ӘКК «ҰК» АҚ, «KazakhInvest »ҰК« АҚ Ақтөбе филиалына »Ақтөбе-адалдық алаңы«алаңында »Protecting Business and Investments« жобасы аясындаинвестициялық жобаларды кедергісіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету туралытапсырма берді.


Шара қорытындысы бойынша »Минеральные воды Казахстана« ЖШС,»Qazaq-Bel Лифт« ЖШС, »Bayau Capital LLP« ЖШС,»Казахстанский завод нефтянного оборудования« ЖШС »ProtectingBusiness and Investments« жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсысүйемелдеу туралы келісімге қол қоюға ниет білдірді.