Ақтөбе қалалық кітапханасында егде жастағы оқырман көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға бүгін сағат шамамен 16:00-де болды.
- Мен жиналыста отыр едім, хабар жетіп, шақырып алды. Үлкен кісі, ауырып қалды деп айтты. Ішке келсем Жедел жәрдем бригадасы, полиция келген. Ол біздің тұрақты оқырманымыз еді. Заречный тұрғын алабынан келіп, кітап оқиды, - деді Қалалық кітапхана директоры Гүлнара Салиева.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.