Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жаңа сот ашылды. Шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Қайрат Елібаев қатысты. Бір ерекшелігі, мұнда өз-өзіне қызмет көрсету аймағы мен ақпарат орталығы қарастырылып, медиатор, қорғаушы мен нотариус кабинеттері жұмыс істейді. Сот отырысы өтетін алты залда аудио-бейне жазба жүйесі бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев электронды сот ісі мен «смарт сот» пилоттық жобасының жұмысымен танысты.
«Сапалы сот төрелігі үшін жағдай жасау - Елбасының маңызды басымдықтарының бірі. Бұл ғимаратта қызметкерлер мен келушілерге барлық жағдай бар. Басты міндет - сот төрелігін атқару кезінде заңдылықты, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етіп, азаматтармен жұмыс кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңды барынша болдырмау», - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.