Қала әкімі Азамат Бекеттің шешімі «ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес шығарылды. Сонымен бірге Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның хаттамасына сүйенді.
Биыл қарашада «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды.
Еске салсақ, 2024 жылы Ақтөбе облысы бойынша мыңнан астам үй тұруға жарамсыз болып қалды. Оның тең жартысы қайта салынса, тұрғындардың тең жартысы үй сатып алды.
Ал Ақтөбе қаласында қирап қалған 105 үйді сүруге 130 млн, ал 86 үйді сүруге 120 млн теңгеден астам қаржы қарастырылды. Былтыр 191 үйді сүру жұмысы жүргізілді.
Елімізде қалпына келтіру жұмысы толық аяқталғаннан кейін ғана төтенше жағдай режимі жойылады.