Есет батыр тұрғын алабында қолданысқа берілген 9 қабат үйдің 15 пәтеріне мұқтаж отбасылар орналасты.
- Жетімдер санаты бойынша кезекке 2009 жылы тұрдым. Отбасылымын, үш балам бар. Бұл менің 14 жылдан бері күткен қуанышым, - деді қала тұрғыны Жанаргүл Иманбаева.
Пәтер кілтін ақтөбеліктерге қала әкімі Азамат Бекет бірді. Ол баршаны Республика күнімен құттықтады.
- 1990 жылы 25-қазанда декларацияға қол қойылып, тәуелсіз еліміз даму жолына түсті. Содан бері көптеген іс атқарылып жатыр. Соның бір көрінісі – тұрғын үй құрылысы, азаматтарды баспанамен қамту ісі. Бүгін 265 пәтердің кілті табыстау басталды. Биылға 624 пәтер беріледі, - деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.
Қалада соңғы 3 жылда 210 пәтер берілген. Оның ішінде 54 пәтер көпбалалалы отбасыларға, 31 пәтер жетім балаларға, 24 пәтер І, ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, 15 пәтер мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасына, 27 пәтер соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, 8 пәтер зейнеткерлерге, 47 пәтер толық емес отбасыларға берілді.