Ақтөбе қаласындағы газ тапшылығы 1,6 млрд текше метрге жеткен

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңір орталығындағы газ тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметі

«Ақтөбе қаласында жылына 1,6 млрд текше метр газ тапшылығы байқалып отыр. Қолданыстағы магистральді газ құбырларының қыстағы жүктемесі 175 пайызға дейін жетті. Бұл мәселені шешпей өңірде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үйлер салып, бизнесті дамыту қиынға түседі», - деді Асхат Шахаров.

Оның сөзінше, қаладағы газ мәселесін алдағы жарты ғасырға шешуге болады.

«Осы тапшылықты жою үшін Бұқара-Орал газ құбырының үшінші желісі тартылады. Қажетті қаражат толықтай қарастырылған. Келер жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл облыс орталығында газ тапшылығын алдағы 50 жылға шешуге мүмкіндік береді», - деді әкім.