Ақтөбе қаласының орталығындағы Әлия Молдағұлова даңғылы бойында жылу құбыры сыр берді. Диаметрі 720 мм болатын құбыр жарылып, бірнеше үйге жылу беру уақытша тоқтатылды. Ыстық су кері айналым арқылы беріліп жатыр.
— Ақтөбе қаласындағы Индустриальная көшесінде орналасқан балабақша, Әлия Молдағұлова даңғылындағы № 3, 5, 7, 9, 11, 13 және Тілепбергенов көшесіндегі № 78, 80, Әбілқайыр хан даңғылындағы № 69 үйлерге жылу беру уақытша тоқтады. Қазір 20 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Апат болған аймақта 10 техника бар, — деп хабарлады «Aqtobe su-energy» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Теміртауда магистральдық құбыр жарылып, ондаған үй жылусыз қалды. Мұндай апатты жағдай Өскеменде де тіркелді.