Ақтөбе қаласында Орынбор аллеясы ашылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Орынбор аллеясы ашылады. Бұл туралы бүгін облыстық сыртқы байланыс және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салықбаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өткізіледі. Жоспарға сәйкес Орынбордың аллеясы ашылады. Онда шамамен 300-ден астам шырша, қайың мен өрік ағашы отырғызылатын болады. Аллеяда екі көрші өңірдің достық нышанын білдіретін белгітас болады», - деп атап өтті басқарма басшының орынбасары Алмас Салықбаев.

Аллея қаладағы Батыс-2 ықшам ауданында орналасатын болады.
«Біз өз тарапымыздан аллея тұжырымдамасын жасауға үлес қосып, жобаны әзірледік. Бұл жұмыс әлі жүріп жатыр. Біздің ведомстволар жұмысты Ақтөбе тарапымен бірлесіп атқарады. Жаңа аллея жергілікті тұрғындар үшін жанға жайды орын болатынына сенімдіміз», - деді РФ Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары Александр Дьяченко.

Алдағы демалыс күдері Ақтөбеде Орынбор облысының күндері өтеді.  Онда түрлі көрмелер, семинарлар өткізіледі, мәдени бағдарлама дайындалды. Жәрмеңке ұйымдастырылып, қолөнер шеберлері шеберлік сабағын өткізеді.