АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Жаманқұлов көшесінде тепловоз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Мәлім болғандай, тепловоз машинисі оқиға орнында жоқ. Оқиға салдарынан аула ішінде тұрған көлік зақымданды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жүр. Газ құбыры зақымданып, 5 қабатты үйдің тұрғындары эвакуцияланды. Жапа шеккендер жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толық ақпарат кейінірек хабарланады.
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.