Ақтөбе қаласындағы жолдарды жөндеуге 9 миллиард теңге жұмсалады
Ақтөбе облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында жол құрылысы талқыланды. Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, биыл ұзындығы 5,7 шақырым жол жаңадан салынады. Ал 12 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі.
«Қалада 12 көшенің жолына орташа жөндеу жұмысын жүргізу үшін 800 миллион теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жүргізуге 405 млн теңге қарастырылды. Барлығы 45 көше жөндеу жұмыстарымен қамтылады. Қала жолдарын жөндеуге және салуға 9 млн теңге жұмсалады», - деді Асхат Шахаров.
Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, 2021 жылы 14,3 млрд теңгеге 96 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
«Бөлінген қаражат есебінен 297,7 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 95,3 км облыстық және 202,4 км аудандық маңызы бар», - деді Айбек Қайыр.
Биыл «Ақтөбе - Орск» автомобиль жолын қайта құру, «Қобда-Мәртөк» жолын күрделі жөндеу, «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-