АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе аумағында 9 блокпост орнатылды. Қалаға кіріп-шығу жолдары толық бақылауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласына кіріп-шығу жолдарына, аудандарда барлығы 9 блокбекет қойылған. Мұнда полиция күзеті тұр. Әскери техника да жеткізілген.
«Полициямен қатар қорғаныс қызметкерлері де бар. Біз қалаға кіріп-шығатын көліктердің жүк салғышын, салонын тексеріп, жүргізушілер мен жолаушылардың жеке куәлігін қарап жатырмыз», - деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Еске салайық, облыс аумағында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген. Коменданттық сағат белгіленді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.