Ақтөбе медицина университетін бітірген дәрігерлер жұмысты ауылдан бастайды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицинадық университеттің 200-ге жуық түлегі шалғай ауылдарда еңбек жолын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі медициналық университет түлектерінің 40% батыс өңірінің ауылдарында жұмыс істейді. Марат Оспанов атындағы БҚММУ студенттерінің кәсіби тәжірибесімен түлектерді жұмысқа тұрғызу мониторингі кафедрасының меңгерушісі Алтын Алмағамбетованыңайтуынша, биыл диплом алған 838 жас дәрігердің 583-і клиникалық интернатура жәнерезидентура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім грантымен оқыған. Оларжалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, терапевт, акушер-гинеколог және хирургсекілді сұранысқа ие мамандықтарды меңгерді.
«Медициналық университетте жыл бойы Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылордажәне Ақтөбе облыстарына қажетті медицина қызметкерлерін бөлу жұмысы жүреді. Бұлжолы да жұмыс беруші, облыстық денсаулық сақтау өкілдері және ресурстық орталық өкілдерінің қатысуымен кездесулер өтті. 2019 жылдың сәуір айында республикалықкомиссияның шешімімен 460 түлек өңірлерге жіберілді. Сондай-ақ декреттікдемалысқа шыққан, жүкті және 3 жасқа дейінгі баласы бар 124 түлек бұл міндеттенбосатылды. 185 жас маман ауылдық жерлерге жіберілді. Енді бес облыстың отбасылық-дәрігерлікамбулаториясында және аудандық ауруханаларында мемлекеттік білім грантымен жәнеауыл квотасымен білім алған түлектер жұмыс істейді», - дейді АлтынАлмағамбетова.
Аудандық ауруханалар үшін жалпы тәжірибе дәрігері аса қажет. Әріпедиатр, акушер-гинеколог, анестезиолог, реаниматолог және салалықотоларинголог, анестезиолог пен офтальмолог тапшы.
«Ауыл тұрғындары да жоғары медициналық қызмет алуы тиіс. Медицина қызметтерініңсапасын жақсарту үшін біз түлектерді ауылға жібереміз» - деді студенттердіңкәсіби тәжірибесі мен түлектерді жұмысқа тұрғызу мониторингі кафедрасының меңгерушісіА.Алмағамбетова.
Айта кетейік, университет бітірушілерін жұмыс орындарына бөлу жұмысы 1 шілдедеаяқталды. Түлектер 1 қыркүйектен бастап жұмысқа кіріседі.

Соңғы жаңалықтар