Ақтөбе мен Атырауда ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның екі қаласындажайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Фото: Pixabay

«2024 жылғы 8 шілдеде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.