«Күндіз және түнде ауа температурасының жоғарылауына байланысты Ақтөбе облысының 13-14 наурыз және Қарағанды облысының өзендерінде 14-15 наурыз аралығында қардың еруі мен қарғын судың жиналуына және өзендерде мұздың еруіне байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - синоптиктердің ескерту хабарламасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай мен Маңғыстау облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланған болатын.
19:14, 12 Наурыз 2019
Ақтөбе мен Қарағанды облысында су деңгейі көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе мен Қарағанды облысында су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.