Жиынға, Қызылорда облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Еламан Жолмырза, сондай-ақ ақтөбелік кәсіпорын басшылары мен серіктестік өкілдері қатысты.
Кездесу екі жақты қарым қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұйымдастырылған. Жиын барысында Ақтөбе облысының тауар өндіруші кәсіпорындары өздерінің өндіретін өнімдерін кеңінен насихаттап, жергілікті кәсіпорындарға таныстырды.