Ақтөбе мен Маңғыстауда жел күшейіп, тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

30 шілдеде Маңғыстау облысының кейжерлерінде шаңды дауыл тұрып,оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кейжерлерде тұман түседі.

Осы күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

30 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 18м/с дейін күшейеді.