ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының бұйрығымен Бекет Ошақбайұлы Кульбаев Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Комитет төрағасының орынбасары Ренад Ахметов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департамент жұмысының басым бағыттарын атап өтіп, қойылған мақсаттардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Бекет Ошақбайұлы 1975 жылы ОҚО, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті, құқықтану; Қарағанды экономикалық университеті, экономика
Жұмыс тәжірибесі
1997-2006 жж. — Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ішкі істер органдарындағы қызметі;
2007-2007 жж. — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бас маманы;
2007-2008 жж. — Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы қалалық көліктік бақылау бөлімінің бастығы;
2008-2009 жж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысындағы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі;
2009-2016 жж. — Алматы қаласы Қаржы мониторингі департаменті басшысының орынбасары;
2016-2018 жж. — Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы;
2021-2022 жж. — Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары;
2022-2023 жж. — Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары;
2023-2026 жж. — ҚР ҚМ ІМАК Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
Бұған дейін Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалғанын жазғанбыз.