— 2025–2026 оқу жылында облыс бойынша негізгі мектепті 15 713 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 1 601 түлек үздік аттестатқа ие болды, — делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал жалпы орта білім туралы аттестатты 11 099 түлек алды. Олардың 816-сы «Алтын белгі» иегері атанса, 719 түлек үздік аттестатпен марапатталды.
Салтанатты шаралар барысында түлектерге аттестаттары табысталып, ұстаздар мен ата-аналар жас түлектерге ақжарма тілектерін арнады.
Бұдан бұрын Ақтөбеде «Жас сақшы» сыныбының түлектері арнайы сертификат алғанын жазғанбыз.