Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт көліктің мотор бөлігінен шғып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жеңіл автокөлік өрттен аман қалды.
«Өздігінен сөндіру әрекеті кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын күйік шалып, олар Төтенше жағдайлар қызметінің күшімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Оралда автобус өртеніп, жүргізушісі ауруханаға жеткізілгені туралы жазған едік.