АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысының Хромтау және Әйтеке би аудандарындағы бес ауылда әлі жарық жоқ.
Ақтөбе облысы бойынша бұған дейін 56 ауылдың 27-і жарыққа қосылды. Облыс әкімі Асхат Шахаров видеожазбасында 2700 абинент электр тоғымен қамтылғанын айтты.
Таңертең бұл көрсеткіш өзгерді.
- Ақтөбе облысы бойынша Хромтау ауданында үш, Әйтеке би ауданында екі ауылда жарық жоқ. Қалада негізгі шағымдар бойынша жұмыс істелді. Таңғы жуық барлығы қосылды. Алайда қазір қайта шағым түсіп жатыр,- деді «Энергосистема» ЖШС бас директоры Ержан Жексембинов.
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 35 бригада электрмен қамту жұмысын жүргізіп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.