АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Жем қаласында 2,5 млн теңге пара алды күдікпен локомотив депосының бастығы қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті.
«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына жұмысқа тұрғызу үшін жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге бірнеше рет пара алу бойынша күдікті», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Ресми өкілдің айтуынша, соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды және тергеу жалғасып жатыр.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.