Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Ағыбай Аяпбргенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 ақпан сағат 01:30-дан бастап «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті)» автожолының 104-250 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеледі.

- Аталған жол бөлігі Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді елді мекеніне дейінгі аралықты қамтиды, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.