Дерекке қарағанда, Әйтеке би ауданындағы Т.Жүргенов ауылының құтқару қызметіне ер адам қоңырау шалып, 1991 жылғы туысының түскі уақытта жылқы іздеп кеткенін хабарлаған.
Ол содан оралмай, хабарсыз кеткен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және хабар беруші шықты.
- Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылғы ер азамат «Қамқа» қыстағынан аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған ер адам жол іздеп, адасып кеткендігі анықталды. Сонымен қатар ол құтқарушыларға өз алғысын білдірді, - деп жазды ведомстводан.
Бұған дейін Ақтөбе облысында көліктері бұзылып, жолда қалған төрт Тәжікстан азаматы құтқарылған.