Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам мерт болды

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz

19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 7-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.

Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды.

Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.